spot_img
spot_img

Алматылықтар қай жерлерде вакцина салдыра алады?

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны қай жерлерде салдыра алатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 1 ақпаннан бері барлығы 49 160 алматылық екпе салдырған. Оның ішінде 12 281 адам вакцинаның екі компонентін де алды. Өткен тәулікте (8 сәуір) 1 180 адам екпе алды.

«Вакцина салдырғандар ішінде: медицина қызметкерлері — 10 263, педагогтер — 8 285, құқық қорғау органдары қызметкерлері — 5 982, мемлекеттік қызметкерлер — 307, созылмалы аурулары бар адамдар — 4 567 және Алматы тұрғындарының өзге де санаттары», — деді ҚДСБ қызметкері.

Жақында вакцинаның бесінші және алтыншы траншы, 18 және 29 мың доза алынды. Алдағы күндері жалпы 424 мың доза көлемінде тағы бірнеше партия алу жоспарланған.

Сондай-ақ, 198 егу пункті барлық қоғамдық десаулық сақтау емханасы мен жеке медициналық орталықта, 20 нысанда (сауда орталықтары, базарлар, ХҚКО), сондай-ақ республика сарайында орналастырылды. Барлық жоспарланған егу пунктінің саны — 250. Басқарма егу кабинеттері барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жабдықталғанын хабарлады. Вакцинацияны бастауға Алматы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті рұқсат берген.

«Алматыда екі миллионға жуық тұрғын бар. Олардың ішінде, егер 18 жасқа дейінгі балалар санын алып тастаса, тұрғындардың 50 пайызы теориялық тұрғыдан вакцинациялануы мүмкін. Гамалея институтының микробиология профессоры Александр Гинцбургтің айтуынша, коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет халықтың 75 пайызын иммундауды қажет етеді», — деп толықтырды департамент өкілі.

«Қазіргі уақытта тұрғындар арасында вакцинацияға жазылу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екпеге жазылу және салдыру — жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша. Отбасындағы әр адам бөлек жазылады. Осылайша, вакцинацияның уақытша алгоритмі сақталады», — деп қорытындылады басқармада.

Министр торговли посетил стабилизационный фонд ВКО

Более 420 сельхозярмарок на сумму 1,4 млрд тенге проведено...

Сот актілерін орындау тәртібі мен мерзімдері

Қазақстан Республикасы  Сот әкімшілігі басшысының  2024 жылғы «8» сәуір №...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі — мемлекеттік тіл....

“Мамандықтар еліне саяхат” – баланың болашағына бағыт

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты КМҚК №76 бөбекжай балабақшасында...