«Теңіз» кен орнынан зиян қалдықтар тарады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Теңізде» құбырдан улы сары түтін шыққаны түсірілген суреттер мен видео тарап жатыр, — деп хабарлайды «Ақ Жайық».

Қазіргі уақытта Экология департаменті 7 сәуірде сағат 15.20-да КТЛ-2-де С511 қондырғысын автоматты бұғаттау іске қосылғанын хабарлады. Салдарынан құбырдан зиян қалдық шыққан. Қазір автоматты бұғаттаудың қосылу себебі анықталып жатыр.

Департамент «Теңізшевройл» ЖШС-ны жоспардан тыс тексеру мәселесін қарастырып жатыр. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Кейін «Теңізшевройл» «7 сәуірде өндірістік нысандардың бірінен қысқа мерзімді зиян қалдық тарағанын және ол өндірістің ішінара қысқаруына әкеліп соққанын» растады. «Теңізшевройл» баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Портал барлық қызметкер қауіпсіздіктің стандартты шаралары шеңберінде эвакуацияланғанын мәлім етті.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...