Әкімдер сайлауы: заң жобасы Мәжіліске өткізілді

Мәжіліс Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлауды өткізуді көздейтін сайлау мәселесі бойынша заң жобасын жұмысқа алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Қанат Мусин Мәжіліс отырысында заң жобасында жергілікті әкімдерді сайлауға саяси партиялардан үміткер ұсыну, сондай-ақ Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету мәселесі қарастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне «бәріне қарсы» бағанын енгізу көзделгенін айтты.

Оның айтуынша, заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарына әкім сайлауына өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі көзделген. Ол үшін үміткер тиісті қол жинауы керек.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көрсетілген сайлауды тағайындау, жергілікті әкімдерге қойылатын талаптар, үміткерді ұсыну тәртібі, өзін-өзі ұсынушыларды қолдау үшін қол жинау тәртібі; үміткерлерді тіркеу, сайлау кезінде дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау тәртібі, сондай-ақ сайлау өткізілгеннен кейін сайланған әкімді тіркеу тәртібі бойынша бірқатар түзетулер көзделеді.

«Комитет заң жобасын қарауға және қорытынды жасауға дайын. Заң жобасын жұмысқа қабылдауды ұсынамыз», — деді Қанат Мусин.

Бұған дейін ел Президенті әкімдер сайлауы 2024 жылы өткізілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.

2021 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне «бәріне қарсы» бағанын енгізуді ұсынды.

Меңдібай аға 600 шақырымдық межеден өтті: Балқаш «Құрылтайға жол» эстафетасын қабылдады

«Құрылтайға жол» ультрамарафоны жаңа межеге жетті. Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін,...

Еркіндік пен әдепсіздіктің шекарасынан өтіп кетпейік

Достар, мен бүгін маңызды мәселе көтергім келіп отыр. Ол...

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...