12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мәжіліс жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісі елімізде жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Ұсынылған заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу көзделген. Сондай-ақ, заң жобасында бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану мерзімін ұзартылмайтындығы және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған», — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мәжіліс отырысында.

Айта кетсек, 2016 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға сондай-ақ, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге, бұдан басқа Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншікке беруге қатысты мораторий енгізілді.

Министрдің сөзінше аталған мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырған болатын.

Интернет-алаяқтықтан сақ болайық

Әрбір күнімізде интернетті қолданып, алаяқтықтан сақ болу қажеттігін білсек...

Сотты өзің таңдай аласың

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жаңғырту мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір...

Татулық тірегі

Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе...

2027 жылдың соңына дейін Күршім ауданының барлық ауылдары интернетпен қамтылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының тұрғындарымен...

Спорт – стратегический ресурс Казахстана: цифры, факты,реформы

Каждый год в третье воскресенье августа в Казахстане отмечают...