Жағдай нашар: Қазақстанның 7 өңірі «қызыл» аймаққа кірді

Коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 7 өңірі «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

«Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта 7 аймақ – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары тұр. Бұл ретте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймақта 28 күн, Батыс Қазақстан облысы 20 күн, Атырау облысы соңғы 2 апта, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы апта бойы және Ақмола облысы соңғы тәулікте кірді», — министр.

Оның атап өтуінше, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы сары аймақта болса, қалған 8 өңір жасыл аймақта орналасқан.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...