Коронавирус жұқтыру дерегі 30 пайызға артты — Цой

Наурызда Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға артты — тәулігіне 1800-ге жуық науқас тіркелді. Сәуірдің бес күнінде 9 983 жағдай тіркелді, күніне 2 мың адамға дейін ауырып жатыр», — деді Цой үкімет отырысында.

Оның айтуынша, науқастар саны артуы ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты.

«Аймақ әкімдері төсек-орын мен жедел медициналық көмек көрсететін мобильді бригадаларды дайындау бойынша шаралар қабылдауы қажет», — деді ведомство басшысы.

Электрондық дәлелдемелерді сотта қолданудың маңызы зор

Цифрландыру процесі барлық салада, оның ішінде сот құрылымында да...

Сталкинг үшін жауаптылық қарастырылған

Мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Ешкімнің біреудің жеке...