Қазақстанның Қызыл кітабына үш жануар енді

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елдің Қызыл кітабына тағы үш жануар енгенін мәлім етті. Оған жолбарыс, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы) кірді, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарна мәліметінше, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланының бүкіл әлем бойынша саны — 870-1,3 мың. Қазақстанда бұл жануар Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі. Сонымен қатар, бүгінде министрлік Балқаш аймағында жолбарысты көбейту бағдарламасын жасады, ол 15 жылға есептелген. Бұл бағдарлама бойынша, тіршілік ету ортасын дайындалады, кейін жолбарыстарды сонда жібереді, артынша бағдарламаның орындалуын бақылап отырады.

Керқұлан жабайы жылқылардың түріне жатады, жылқы тұқымдасының сирек өкілдерінің бірі. Қазақстанда 10-ға жуық осындай жануар бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі және омыртқалы жануарлардың 133 түрі енеді.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...