spot_img
spot_img

Алматыда бір күнде 6 мың адам вакцина салдырды

4 сәуірде Алматыда 6 664 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 ақпаннан бері 23 799 алматылық «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 4 сәуір, жексенбіде қалада 611 тұрғыннан коронавирус табылған, оның ішінде 92-сі симптомсыз.

Ведомство хабарына қарағанда, инфекциялық стационарларда 3 263 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 103-і бала. 67 ересек адам өте ауыр жағдайда, 638 адамның жағдайы ауыр, 2 558 науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Жексенбіде стационардан 89 адам шығарылды, 276 адам түскен.

5 сәуірдегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта орналасқан.

В Алматы проведена уникальная реконструктивная операция ребенку с последствиями глубокого ожога

В рамках международного мастер-класса по реконструктивной хирургии для детей...

Қазақ поэзиясының мұзбалағы – Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл

Биыл қазақ халқының рухани қазынасын байытқан ұлы ақын, сырлы...

СОТТЫҢ ОҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ҚОҒАМ СЕНІМІН НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қоғамдағы әділдік өлшемі ең алдымен сот жүйесінің қызметімен бағаланады....