12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

eGov-те вакцинацияның электрон паспорты іске қосылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile қосымшасында вакцина салдырғандардың электрон паспорты іске қосылғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

eGov Mobile қосымшасының «сандық құжаттар» бөлімінде вакцинациялаудың электрон паспорты іске қосылды. Онда ақпарат үш тілде көрсетіледі: адам қандай препарат, қанша доза, қай күндері салдырды. Құжатты талап етілген жерде және QR кодын қолдана отырып көрсетуге болады.

Министр вакцинацияның қазақстандық электрон паспорты және халықаралық жүйелермен байланыстың маңызын айтты.

«Қазір IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. eGov Mobile-да вакцинация паспортын тексерген кезде оң жақта орналасқан «жаңарту» батырмасын басу керек. «Сандық құжаттардағы» паспорт екінші дозаны алғаннан кейін ғана көрсетіледі», — деп толықтырды Мусин.

Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін және әр адам бас тартуға құқылы екенін айтты.

Қазақстан Конституциясына – 30 жыл

           1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің...

В Москве определили порядок выступления артистов на международном музыкальном конкурсе “Интервидение”

В Москве определили порядок выступления артистов на международном музыкальном...

Аким города Алматы ознакомился с научной инфраструктурой КазНУ

Аким города Алматы Дархан Сатыбалды посетил Казахский национальный университет...

ҚазҰУ-дың ғылым ордасындағы жаңалықтармен қала басшысы танысты

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...