12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Інім екеумізді не себепті тастап кеттің?». Жұлдыз Өмірғали анасына ренішін жеткізді

Әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали інісі екеуі балалық шағында әкесінен ерте айырылып, ата-әжесінің қолында өскен. Анасы тұрмыс құрып өз бетімен кеткенін айтады. Әнші өзі ана болғалы анасын жақсы түсінеді. Алайда «бізді неге тастап кетті?» деген сұрақ әлі де жиі мазалайды.

Бұл туралы «Менің өмірім» бағдарламасында айтылды.

Жұлдыз Өмірғали бала күнінен ата-әжесінің қолында өскен. Артынан ерген бір інісі бар. Әкесі марқұм болған соң ата-әжесінің қолында қалды. Анасы екінші рет тұрмыс құрған соң көп араласпай кеткен екен.

«Әкем қайтыс болды. Әкем де, анам да теміржолда жұмыс істеді. Атам 40 жыл теміржолда қызмет етті, әжем 40 жыл мұғалім болған кісілер. Анам тұрмыс құрып кетті. Біз бір-екі күнге барып тұратынбыз. Ата-әжем қатал кісілер еді.

Ерке болдым деп айта алмаймын. Ауылда тұрдық. Сиыр саудым, үйдің жұмысын істедім. Анама барып тұратынбыз. Ана болғалы анамды жақсы түсінемін. Бірақ інім екеумізді не себепті тастап кетті екен? Мен өз балаларымды ата-әжесіне тастап кете алмас едім. Мені сол сұрақ әлі де мазалайды. Мүмкін балалық шақтан қалған жарақат сол шығар», — деді әнші.

 

Жұлдыздың анасы екінші некесінде Аяла есімді қыз баланы өмірге әкелді. Алайда 10 айында шетінеп кеткен. Одан кейін Айсәуле есімді қызы дүниеге келді.

«Мен Алматыға оқуға түстім. Оқуға кетер алдында анама барып қайттым. Ол кезде анамның екінші күйеуінен туған Аяла есімді сіңлім бар еді. Алайда ол түнімен ауырып шықты. Аурухана жоқ еді. Пойызбен таңертең көрші ауылға баратын болдық. Ауруханаға барамыз дегенше сәбидің жағдайы нашарлап кетті. Көршіміздің көлігін оталдырып, көрші ауылға шығып кеттік. Аурухана жетіп үлгердік. Алайда жарты күн өтпей шетінеп кетті. Бір күн бұрын ғана қолда ұстап отырған баланы ертесі жерлеп тастадық. Содан кейін қорқып қалдым. Балам өмірге келгенде ұйықтап кетсе, шошып кететін едім. Қазір өзіме келгендеймін», — деді Жұлдыз.

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...

«ҚАЗАҚ» ӨЗ ОҚЫРМАНЫМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

1994 жылы ата-бабаларымыздың құрып, аманаттап берген тәуелсіздігін қайта тіктеп,...