Тоқаев Цой мен үкіметті сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен жалпы Үкіметке ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін осы кезеңде денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі басты тұлға, сізде ерекше өкілеттіктер бар екенін айтқанмын. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ содан кейін айналым айтарлықтай төмендеді…

… Сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпесе, сізді кадрлық ауысулар қатты ренжітеді. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, жалпы Үкіметке қатысты», — деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы азаматтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырды.

«Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты», — деді ол.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...