«Таңдаған адамым тегін адам емес». Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын айтты

Ерке Есмахан жақында тұрмыс құрмақ. Бұл жаңалықты әншінің өзі желідегі оқырмандарына жария етті, деп жазады stan.kz.

«Тұрмысқа шығуға дайындалып жүргеніме біраз болды. Тып-тыныш шыға қоямын ба деп ойлағанмын. Бірақ тыныш болмайын деп тұр-ау. Өйткені, таңдағаным тегін адам емес», — деп жазды Ерке парақшасында.

Ерке Есмахан нақты кімге тұрмысқа шығатынын ашып айтқан жоқ. Желі қолданушылары бұның әзіл әлде рас ақпарат екенін білмей дал. Сүйінші жаңалықты естіп, әншіні сұрақ астына алды.

8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында Ерке сүйіктісінің өзіне сый жасап, көңілін аулағанын жазды.

«Мейрамды сонша күтіп едім, тойлау бұйырмаған екен. Ауырып, жылап, үйде жатырмын. Сүйіктім гүлі мен сыйлығын сыйлады. Оны алып алдым! Басымды көтере алмай жатсам да, ондай кезде тұрып кетесің ғой. Ол әрі қарай ресторанда романтикалық кешкі ас дайындапты, оған бара алмайтынымызды түсініп тағы бір жылап алдым. Сүйтіп осы суретке түсіп, тамақ заказ беріп тойлап жатырмыз», — деп жазды.

Желіде Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың кездесіп жүргені айтылды. Бірі мұны хайп десе, бірі қызығушылық танытты. Енді бірі бақыт тілеп жатты.

Жақын күндері Азамат та, Ерке де кездесіп жүргенін мойындағандай болды. Желіде тікелей эфирге шығып, бірге жүрген сәттерін ашық көрсетті. Ерке Азамат Зенкаевпен бірге жүрген сәтінен видео жүктеді.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...