ТМД-да шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын елге келіп өтейді

Сенаторлар бүгін ТМД елдерінде сотталған азаматтар өздері азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтей алатын заң қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ТМД елдерінде бас бостандығынан айырылмаған, бірақ шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын Қазақстанға келіп өтейді.

«Осылайша, Конвенцияны ратификациялау бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаға тартылған азаматтарды өз елінде жазасын өтеу мүмкіндігі мен әлеуметтік оңалтуға, сондай-ақ жаңа қылмыстардың алдын алуға және қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады», — деді сенатор Рысқали Әбдікеров.

ҚР ІІМ ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 280 азаматы мұндай жазаны ТМД елдерінде, оның ішінде 251 адам – Ресейде, 24-і Өзбекстанда, 3-уі Беларусьте және 2-еуі Қырғызстанда өтеп жатыр.

Қабылданған заңға сәйкес, біздің еліміз өз кезегінде, Қазақстанда сотталған ТМД елдерінің азаматтарына, сондай-ақ жазаның қалған бөлігін өз Отанында өтеуге мүмкіндік беруі тиіс. Қазір ТМД елдерінің 447 азаматы пробация бойынша біздің елімізде жүр.

Егер сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалса, жаза ретінде айыппұл немесе мүліктік сипаттағы өзге де жаза, сондай-ақ тәркілеу белгіленген болса Конвенцияның ережелері қолданылмайды.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...