12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандықтар құмар ойындарды 6 есе жиі ойнай бастады — сарапшылар

Қазақстандықтар 2020 жылы құмар ойындарды жиі ойнай бастаған. Бұл туралы Finprom сарапшылары мәлімдеді , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 2020 жылы рекорд 78,6 миллиард теңге болғанын есептеді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда алты есе көп.

«2020 жылы құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі төртінші тоқсанда айтарлықтай өсті, сол кезде бұл көрсеткіш бірден 59,3 миллиард теңгеге жетті», — деп жазады басылым.

2019 жылы осы саладағы қызметтер көлемінің басым бөлігі ойын аймақтары орналасқан Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі болса, 2020 жылы жағдай өзгерді. Көш басына Алматы шықты: 57,2 миллиард теңге.

«Одан кейін Алматы облысы, топ үштікті Нұр-Сұлтан аяқтайды. Құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің едәуір көлемі Ақмола және Жамбыл облыстарында да байқалады. Көшбасшы өңірлердің бестігіне осы саладағы барлық қызмет көлемінің 99,8 пайызы тиесілі», — делінген сараптамада.

Айта кетейік, «Қазақстандық отбасылар — 2020» ұлттық баяндамасында жарияланған деректерге сәйкес, сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші адам ажырасу себебі ретінде ерлі-зайыптының біреуі құмар ойындарға әуес екенін көрсеткен. 2021 жылдың басында ойын бизнесі туралы жаңа заң күшіне енді, оған сәйкес құмар ойындарға тәуелді адамдардың туыстары мен лудомандардың өзі сот арқылы ақша тігуге шектеу қойғыза алады.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...