«Барлық қазақстандықты вакцинациялауға 15 жыл керек»: Депутаттар денсаулық сақтау министрлігін сынады

«Нұр Отан» партиясының депутаты Ирина Унжакова елімізде вакцинациялау дұрыс жүргізілмей жатқанын айтып премьер-министрге жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат вакцина салу қарқыны өте төмен екенін және бұлай жалғасатын болса, қазақстандықтарды вакцинациялап біту үшін өте көп уақыт керегін айтып шағымданды.

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда 101 мың адам ғана вакцинацияланған. Бұл халықтың бір пайызына да жетпейді. Ал вакцина салу екі ай бұрын басталды. Егер вакцина салу осы қарқынмен жалғасатын болса, Қазақстандағы 19 млн халықтың 70 пайызын вакцинациялау үшін шамамен 15 жыл уақыт керек болады. Қазақстандық вакцинаға қатысты әлі мәселе шешілмей жатыр. Қазір тек қана отандық вакцинаның уақытша тіркелгенін білеміз. Алайда нақты ешнәрсе айтылып жатқан жоқ», — дейді депутат.

Некоторые вопросы совершенствования правовых механизмов противодействия коррупции

С момента обретения независимости Республика Казахстан последовательно реализует курс...

«Не нарушайте закон и наказание не последует» – депутат

Штрафы нужны не ради наказания, а для наведения порядка...

Запускается республиканский IT Quest

В Год цифровизации и искусственного интеллекта в Казахстане стартует...