Halyk Arena-дағы госпиталь COVID-19 жұқтырғандарды қайта қабылдайды

Halyk Arena спорт кешені ішіндегі провизорлық орталықтың қызметі қайта жанданды. Бұл туралы Аламта Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Halyk Arena-ға орташа ауыр жағдайдағы науқастар жеткізіледі.

«Халық арена қайта іске қосылды. Таңертең 18 адам түсті. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында коронавирус инфекцияның таралмауына қарсы күрес аясында қабылданды. Спорт кешенінде 1000 орын бар. Онда коронавирус жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтар жеткізілді, науқастарды емдеудің барлық талаптарына сәйкес келеді», — деп хабарлады Алматы ҚДСБ өкілдері.

Айта кетейік, Halyk Arena 2020 жылы ауруханаға ауыстырылды. Ішіне төсек орын қойылып, 1000 науқасты қабылдауға дайындалды. Жазда оны жапқан болатын. Қала әкімі емханаларда орын жетпеген жағдайда, науқастарды осы кешенде қабылдайтынын айтқан. Қазіргі уақытта арена барлық қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді, деді Сағынтаев.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...