12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ғалымдар Қазақстанда COVID-19-дың «алматылық штамы» пайда болуы мүмкін екенін айтты

Коронавирустың тағы бір жаңа штамы пайда болуы мүмкін. Қазақстандық ғалымдар оған тән мутацияны зерттеп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна тілшісінің айтуынша, коронавирустың бұл штамы Алматыға ғана тән болуы да мүмкін. Бұған дейін қалада оңтүстікафрикалық және ұлыбританиялық штамдардың анықталғанын айтқан едік.

Жаңа штамды анықтау үшін қосымша секвенирлеу жұмыстары жүргізіледі. Бірнеше аймақтан үлгі алынады. Кем дегенде 10 жерден. Тек тыңғылықты зерттеуден кейін ғана нәтижесі айтылады.

«Қазіргі уақытта біз наурыз айында алынған екі үлгіні зерттеп жатырмыз. Оның біреуі ұлыбританиялық. Сәйкестік 100 пайыз. Екіншісі оңтүстікафрикалық. Оның да көрсеткіштері тура келді. Бірақ өзгерістер бар. Ал үшіншісінде басқа изоляттар байқалды. Оған қосымша зерттеулер жүргізу қажет. Оның бекітілген мутация екенін нақты білгенде ғана айта аламыз», — деді микробиолог Виталий Строчков.

Халықаралық вакцинология орталығы қызметкерлері бастаған ғалымдар 12 сынамаға генетикалық талдау жүргізді. Одан оңтүстікафрикалық және ұлыбританиялық штамдарды тауып, халықаралық USAID базасына енгізді.

«Қазіргі таңда бұл сынамалар БСЛ 3 дейді, биологиялық қауіпсіздігі үшінші деңгейдегі зертханада және аса қауіпті аурулардың ғылыми орталығында бұл сынамалардың вирусты бөлімінде жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол вирус бөлінгеннен кейін вакциналардың тиімділігін тексереміз», — деді Халықаралық вакциналогия орталығының директоры Қайсар Табынов.

Коронавирустың алғашқы жаңа мутациясы өткен жылдың желтоқсанында анықталды. Ұлыбританиялық штамм жұқтырғандардың көбінде жөтел, тамақ ауруы, тез шаршау, бұлшықеттің ауруы және қалтырау байқалды. Бірақ қазір ғалымдар «оның оңтүстікафрикалық түрі аса қауіпті», дейді. Десе де, екеуі де вирустың базалық түріне қарағанда өте тез тарайды. Жұқтыру көрсеткіші 50-70 пайызға жоғарды.

«Оңтүстікафрикалық мутация ғалымдар тарапынан үлкен үрей туғызып отыр. Бұл нені білдіреді? Көптеген вакциналардың тиімділігі төмендеу болып тұр. Жалпы бұл зерттеулер осындай мутациялар бар Қазақстанда таралғанын көрсетіп отыр. Бірақ ол қаншалықты кең таралған. Оны анықтау үшін ауқымды зерттеулер керек», — дейді Халықаралық вакциналогия орталығының директоры Қайсар Табынов.

Әйелдер түзеу мекемесінде жұмыс кеңесі өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың...

«Встреча у ворот»

Социальный проект «Встреча у ворот» проведен в колонии №21...

«Қақпа алдындағы кездесу»

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...

Правонарушитель своим трудом заглаживает ущерб, нанесенный им обществу

Общественные работы — это наказание, при котором человек имеет...

Құқық бұзушы өзінің еңбегімен қоғамға келтірген залалды түзетеді

Қоғамдық жұмыстар - бұл адамның өз жұмысын, отбасын, әдеттегі...