Әйеліме қарыз болған соң үйлендім — Қанат Әлжаппаров

Қанат Әлжаппаровтың өз тыңдарманы, әзілін сүйетін көрермені бар. Әзілкеш әйелін де қалжыңына қосып жүретінін көпшілік біледі. Қанат әйелі туралы неліктен көп әзілдейтіні түсіндірді, деп жазады stan.kz.

«Әйелімнің есімі Нұргүл. Ол Қызылордаға жақын Абай ауылының тумасы. Кафеде бармен болып істеп жүрді. Мен де Қызылордада жүрген кезім. Кафеге жеке куәлігімді беріп, қарызға кіріп кеткен едім. Мұны әзілімнің бірінде айтанмын. Сол рас болған жағдай. Нұргүлге қарыз болған соң үйлендім деп өзіне де айтып жүрем», — деп күледі ол.

Әзілкеш әйелі туралы әзілдерді алдымен жарына ескертіп алатынын айтады. Оған ешкім ренжіп жатпайды дейді.

«Қазір 4 баламыз бар. Екі ұл, екі қыз. Жаңа танысқанда менің түріме, жағдайыма ешнәрсеме қарамастан маған қарағанына риза боламын. Қайын жұртым да мені күйеу бала деп ешнәрсеге жұмсамайды. Қонақ секілді күтеді. Мен өз үйімде ешнәрсе істемейтін адаммын. Туған жерімнен әзірге кете алмай жүрміз. Нұр-Сұлтан маған ұнамады. Ауа райы да ұнамады. Кейін бара жатармыз. Әйелім екеуміз 6 ай барып тұрып көрдік. Кейін қайта ауылымызға қайттық. Әзірге театр атынан жолымды, жатар жерімді, киімімді алып беріп жатыр. Қызылордада тұра бермеймін бе?», — деді ол.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...