12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Айқын SuperStar жобасы туралы: Алмас Кішкенбаев ұшып кеткен еді, менің жеңетінімді білген соң мені әдейі шығарды

SuperStar.kz жобасы арқылы танылған әншілер, жобаның қатысушылары бас қосып, қызықты шақтарын еске алды. Айқын жобада өзінің жеңімпаз болуға лайық екенін айтты.

Бұл туралы «Дастархан» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Жобаның бірінші, екінші, үшінші кезеңдерінің қатысушылары дастархан басына жиналып, қызықты шақты еске алысты.

«Мен кастинг болатынын теледидардан көрдім. Батырхан аға ұйымдастырып жатыр деген соң бардым. Ол кезде мейрамханада жұмыс істеймін. Барып қалсам, мыңдаған адам тұр. Бәрі кезекпен кіріп жатыр. Маған 13 саны түсті. Қандай ән айтарымды білмедім. АБК тобының әнін айттым. Әділқазы алқасында Роман «мені таңғалдырған жоқ» деді. Арман аға да менің дұрыс ән айтпағанымды біліп қалды. Тек Ләйлә мен Батырхан аға қолдады. Мен тағы бір ән сұрап айттым. Солай мені келесі кезеңге өткізді», — деді Айқын.

Айқынның айтуынша, Алмас Кішкенбаев жобадан ұшып кеткен екен.

«Негізі Алмас жобадан ұшып кетті. Ол кезде әділқазы мен көрерменнің даусы шешетін бәрін. Алмас ұшып кетіп, оған бір мүмкіндік берген. Қайтадан жобада қалды. Ал, финалда Роман екеуміз қалған едік. Сонда финалда екеумізді дауысқа салғанда, әрине менің Романнан озып кететінім белгілі. Менің жеңіп кететінімді білген соң солай болды», — деп күледі Айқын.

Айқын жобаны соңына жетпей ұшып кеткен. Бұл қатысушылар үшін таңғаларлық жайт болған екен.

«Мен де өзіме Айқынды бәсекелес санадым. Айқын соңына дейін барады деп ойладым. Бірақ ол ертерек шығып кетті. Бәріміз таңғалып қалдық», — деді Роман Ким.

Ал, павлодарлық Әсем Жакетаева жобаны ең жас қатысушысы болған.

«Мен 16 жаста едім. Бастапқыда Батырхан аға мені қабылдамады. Әлі жас, сынды көтере алмайды деді. Шынында да мен күйзелісте жүрдім. Ұзын шашымды қиып тастады. Ешқашан қысқа юбка киіп көрмегенмін, оны кигізіп қойды. Бұл маған ауыр жағдай еді. Моральді түрде ауыр соқты. Мені Ләйлә Сұлтанқызы қолдап шығарған болатын», — деді ол.

Әлішер Каримов екі жыл қатарынан кастингтен өтпей, келесі жылдары жетекшілердің өзінің шақыруымен барғанын айтады.

«Мен Тараз қаласында қатыстым. Бірінші жыл өткен жоқпын. Екінші рет өткен жоқпын. Өкпеледім, ренжідім. Алматыға оқуға түсіп кеттім. Оқуда жүргенде өздері хабарласып, қосымша кастинге шақырды. Кастингтен үшінші рет өттім», — деді ол.

Нұржан Керменбаевтың айтуынша, жобада таныла бастаған соң өзін жұлдыз сезіне бастаған. Ол бірден жұлдыз ауруымен ауырғанын мойындайдайды. Айта кетейік, Керменбаев — жобаның үшінші кезеңінің жеңімпазы.

«Мен жоба аяқталған соң өзімді жұлдыз санадым. Адамдармен амандаса алмай қалдым. Күнде көріп жүрген көршілеріммен амандаспайтын болып кеттім. Сол кезде Ринат Мальцагов «Көршілеріңмен неге амандаспай кеттің? Ұят емес пе?»деп ескерткен еді», — деді Керменбаев.

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Перспективный туристический хаб

Шымкент – крупнейший город Казахстана, который стремительно развивается и...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Предупрежден, значит, вооружен!

С каждым днем мошенники придумывают все новые cхемы обмана с использованием...