Алматы полицейлеріне қанша электрсамокат сатып алынады?

Алматы қаласының Полиция департаменті полицейлерге қанша электрсамокат сатып алынатынын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент электрсамокаттағы патрульдер ауа райы тұрақталған кезеңнен бастап көшелерге шығатынын айтты. Полиция қызметкерлері саябақтар мен алаңдардағы тәртіпті бақылайды.

«Сондай-ақ, патруль Сайран көлі, Есентай, Алматы өзендерінің жағалауларында жұмыс істейді», — деп хабарлады ПД өкілдері.

20 электросамокат сатып алу жоспарланған. Оған жұмсалатын нақты сома әлі анықталған жоқ.

«Қазіргі уақытта электросамокаттарды сатып алуға жоспарланған ақша сомасы нақтыланған жоқ», — деп түсіндірді ведомство өкілі.

Айта кетейік, ақпанның басында Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов қала полицейлері электрсамокатпен жүретінін мәлімдеген болатын.

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...