Алматыда жаппай вакцинация қашан басталады?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай вакцинацияға дайындық туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының әкімі халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысына жоспарланғанын мәлімдеді.

«Сәуірде жаңа вакцина дозасының жеткізілуін күтеміз. Сәуірге 65 000 доза квота бөлінді. Бірақ кеше премьер-министр Асқар Маминмен кездесуде 65 000 дозаның Алматы халқына аз екенін талқыладық. Біз квотаны арттыруымыз керек. Өйткені қазір науқастар санының көбейгені байқалады. Премьер-министр келісімін берді, жақын арада квотаны қайта қараймыз», — деді қала әкімі «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде.

Бақытжан Сағынтаев егу пункттері тек емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да ашылатынын айтты. Сондай-ақ, мобильді пункт жұмысы ұйымдастырылады.

Вакцинация Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жүйеге сәйкес жүргізіледі. Үш кезең анықталған. Ол бойынша бірінші кезекте дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру саласы және тәуекел топтарына жататын азаматтар вакцина қабылдайды.

«Қарасора-2026»

В РАМКАХ ПРИНЦИПА «ЗАКОН И ПОРЯДОК» В РЕГИОНАХ НАШЕЙ...

«Адамзаттың Абайы»

НЕ СЕКРЕТ, ЧТО ИМЯ ВЕЛИКОГО АБАЯ ЗАНИМАЕТ В КУЛЬТУРЕ...

Осень делает нас опаснее?

ОСЕНЬ ПРИХОДИТ НЕ ТОЛЬКО С ХОЛОДОМ, ДОЖДЯМИ И БОЛЕЕ...

У каждого голоса – свой участок 

До выборов депутатов Курултая в Казахстане осталось немного времени....

Кассациялық соттың рөлі мен маңызы

Қазақстан Республикасының сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін...