Pfizer және BioNTech вакциналарын балаларға сынау басталды

Америкалық Pfizer компаниясы BioNTech неміс серіктесімен бірлесіп жасаған коронавирусқа қарсы вакцинасын 12 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін клиникалық сынақ өткізуді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Компания 2022 жылдың басында препараттың қолданысын 12 жасқа дейін кеңейту үшін вакцинаны балаларға сынақтан өткізе бастағанын хабарлады. Айта кетейік, сынаққа 6 айлық балалар да қатысады.

«Біз серіктес BioNTech-пен бірге 6 айдан 11 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинаның әсерін бағалау үшін жаһандық зерттеу жарияладық», — деді Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурл Twitter-де.

Pfizer және BioNTech балалар қауіпсіздігі үш түрлі дозада — 10, 20 және 30 микрограмм егуді жоспарлап отыр. Оған 144 бала қатысады. Вакцинаның I/II фазасын зерттеу үшін екі рет екпе салу жоспарланған. Балалар вакцинаның алғашқы дозасын 24 наурызда қабылдады, деді Pfizer өкілі Шарон Кастильо.

Қазіргі уақытта Pfizer/BioNTech вакцинасын АҚШ реттеушісі 16 жастан асқан адамдарды вакциналауға рұқсат етеді.

Мұндай клиникалық сынақтарды американдық Moderna биотехнологиялық компаниясы да өткізген. Сонымен қатар, қолданыстағы ережелер бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларды коронавирусқа қарсы егу жоспарда жоқ.

Обсуждены важные задачи

Работа подразделений полиции на местах должна строиться на неизменном...

Пилотная площадка для инноваций

В АСТАНЕ ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ МЕЖДУ ПРАВИТЕЛЬСТВОМ КАЗАХСТАНА,...

В замкнутом круге обмана 

ТЕМА КОРРУПЦИИ СТАНОВИТСЯ ПОИСТИНЕ НЕИСЧЕРПАЕМОЙ. КОНЕЧНО, ПРИЯТНЕЙ ПИСАТЬ О...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін,...

Меңдібай аға 600 шақырымдық межеден өтті: Балқаш «Құрылтайға жол» эстафетасын қабылдады

«Құрылтайға жол» ультрамарафоны жаңа межеге жетті. Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен...