Бұршақ пен көктайғақ. Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 25-28 наурыз аралығына ауа райын болжады. Ақпарат бойынша, Қазақстанда екі циклон бірігеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Біздің ел аумағында Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аймақтарынан екі циклон бірігеді. Олар республиканың басым бөлігінде ауа райын анықтайды.

Олардың келуімен барлық өңірлерде жауын-шашын, кей жерлерде қатты көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасының аздаған жоғарылауы болжанады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда бір тәулікте жауған қар айлық нормадан асып түскені хабарланған болатын.

На YouTube вышло видео Джо Хаттаба о Казахстане: оно уже бьет рекорды

Тревел-блогер Дастан Мухамедрахим (bydastann) сообщил о выходе нового документального...

Тоқаевтың инвестициялық дипломатиясы: жеті жылда Қазақстанға $162 млрд тартылды

Инвестициялық дипломатия. Тоқаевтың толық 7 жыл президенттігі барысында Қазақстанға...

Онкологическая служба Алматинской области: ранняя диагностика, современные методы лечения и перспективы развития

В Алматинской региональной многопрофильной клинике состоялся выездной брифинг для...

Алматы облысындағы онкологиялық қызмет: ерте диагностика, заманауи ем және жаңа мүмкіндіктер

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында онкологиялық ауруларды ерте анықтау және...

«Қарасора-2026»

В РАМКАХ ПРИНЦИПА «ЗАКОН И ПОРЯДОК» В РЕГИОНАХ НАШЕЙ...