12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарауда қандай мәселеге мән беру керек

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау барысында олардың заңмен ақындалған құқықтарын бұзбау маңызды мәселе болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы.

Терiс себептермен қызметтен шығаруға алып келетін тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен қызметтен шығару, адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға құқыққа сыйымсыз тағайындау және (немесе) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардан адамдарды құқыққа сыйымсыз босату, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазаларды құқыққа сыйымсыз қолдану, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария ету, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қасақана қабылдамау, бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау да тәртіптік теріс қылықтар деп танылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, тәртіптік жаза жасалған тәртіптік терiс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес келуге тиiс.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшi терiс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсiнiктеме талап етiледi. Мемлекеттік әкімшілік қызметшi елеусiз терiс қылық жасаған жағдайда, егер жазбаша түсiнiктемесiнде ол осы терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, онда уәкілетті адамның қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзбей ескерту, сөгiс немесе қатаң сөгiс түрiндегi жаза қолдану құқығы бар.

Егер, мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда уәкілетті адамның бұйрығы бойынша осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуге тиiс.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшi жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не уәкілетті лауазымды адамдар тиісті акт жасайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге кедергі болып табылмайды.

Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы туралы материалдарды және мәліметтерді оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті айқындау мақсатында жинау мен тексеру жөніндегі қызмет болып табылады.

Қызметтiк тергеп-тексеру уәкілетті адамның бұйрығымен тағайындалады және персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу туралы актіні шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде жүргiзедi.

Уәкілетті адамның осындай қызметтiк тергеп-тексеруді тағайындау туралы актісі болмаса, тергеп-тексерулерді жүргiзуге жол берiлмейдi.

Қызметтiк тергеп-тексеру барысында персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар терiс қылықтың жасалу мән-жайларына қатысты барлық материалдар мен мәлiметтердi және тергеп-тексерудiң өзге де негiздерiн жан-жақты әрi толық жинап, материалдарды тиісті дәлелді қорытындымен Тәртіптік комиссияның қарауына ұсынады.

Тәртіптік комиссия уәкілетті адамның актісімен қалыптастырылады және мемлекеттiк органның қызметкерлері қатарынан құрылатын Комиссия төрағасынан, мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны, төрағаны қоса алғанда, тақ санды құрауға және комиссия құрамы мемлекеттік органның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен құрылуға тиіс.

Комиссия өз отырысында қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарайды және тәртіптік терiс қылыққа қатысты фактілерді зерттейдi, өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң және тергеп-тексеру жүргiзген персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. Комиссияның куәларды тыңдауға және терiс қылыққа қатысы бар кез келген фактілерді зерттеуге де құқығы бар.

Комиссия отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, егер өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметші отырыс өткiзілгенге дейiн кемінде үш жұмыс күні бұрын Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және аталған материалдармен таныстырылса, оның қатысуынсыз өтуі мүмкiн.

Тәртіптік терiс қылық жасалғанын растайтын фактілер болған жағдайда, Комиссия жаза қолданудың орындылығы мен оның түрi туралы уәкілетті адамға ұсыным береді.

Уәкілетті адам мынадай шешiмдер қабылдайды: тиiстi тәртіптік жаза қолданады, жазаны қолдану мерзімдері шегінде материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi немесе тәртіптік жаза қолданбайды.

Тәртіптік жаза уәкілетті адамның бұйрықтарын, өкiмдерiн шығару арқылы қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы актiде жаза қолданылатын адам, жасағаны үшін жаза қолданылып отырған терiс қылық және жазаның түрi көрсетiледi.

Персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) тәртіптік жаза қолдану туралы актіні тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына және мемлекеттік органның басшылығына танысу үшін жолдайды.

Департамент мемлекеттік органдардың аталған заңнамалық нормалардың сақталуына қатысты бақылау мен қадағалауды жүргізеді және мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайда, олардың құқытарын қалпына келтіру шараларын қабылдайды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы   

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...