«Бар болғаны екі күн қорықты араладық. Мен браконьер емеспін»: Тоқтар Әубәкіров айыптауларға жауап берді

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровке браконьерлік жасады деген айып тағылды. Кәсіпкер Батыр Сейкенов әлеуметтік желіде әйгілі ғарышкердің аң аулағаны туралы жазды. Оқиғаны Әубәкіровтың өзі түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арансына сілтеме жасап.

Тыйым салынған аумақта аң аулады деп айыпталған ғарышкер аңшылық алқаптардың иесі Сейкеновке қоңырау шалып, көңіл көтергісі келетінін айтқан.

Алайда кәсіпкер Әубәкіровтың бұл ұсынысына келіспепті. Сәйкеновтың сөзінше, ғарышкер басқа қорыққа кеткен.

«Тоқтар Әубәкіров пен оның серіктесі «Алтын дала» қорығының аумағында аң аулайтыны белгілі болды. Ол ғарышкер болғандықтан, өзіне аң аулауға, браконьерлікке рұқсат беріледі деп ойлады. Оның үстіне, ол премьер-министрден бүкіл елдің аумағында аң аулауға құқық беретін жеке рұқсаты бар екенін мәлімдеді», — дейді Батыр Сейкенов.

Әубәкіров барлық айыптарды жоққа шығарады. Алайда ол қорыққа барғанын мойындады. Ұлы екеуі тек көлікпен қорықты аралаған, жандарында қару-жарақ болмаған көрінеді.

«Пандемияға байланысты үнемі үйде отырмын. Мен өте белсенді адаммын. Сондықтан, шыдай алмадым. Ұлымды өзіммен бірге баруға көндіріп, бар болғаны екі күн қорықты араладық. Мен браконьер емеспін», — дейді ұшқыш Тоқтар Әубәкіров.

«Алтын дала» қорығының директоры аймаққа ешкімді кіргізуге рұқсат жоқ екенін және Тоқтар Әубәкіровты көрмегенін жеткізді.

«Мен ешкімді көрмедім. Тоқтар Әубәкіровті де көрмедім. Неге өтірік айтамын? Біз аумаққа ешкімді кіргізбедік. Рұқсат жоқ», — дейді «Алтын дала» қорының директоры Дүйсенғали Айтбаев.

Еске салсақ, осыған дейін заңсыз қасқыр ауламақ болған Тоқтар Әубәкіровтің басы дауға қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...