Жаздағы жағдайдың қайталану қаупі жоғары — Тоқаев коронавирус туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2020 жылдың жазында болған коронавирусқа қатысты жағдай қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев пандемия басталғаннан бері бір жыл өткеннен кейінгі елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалды айтты. Президент бірқатар мемлекет коронавирустың жаңа штамдарынан туындаған үшінші толқын өршігенін мойындап отырғанын айтты. Әлемде, оның ішінде Қазақстанмен көршілес мемлекеттерде де коронавирус инфекциясының таралуы өршіп жатқанын ескертті.

«Қазір Алматы «қызыл» аймақта. Сондықтан бұл маңызды отырысты онлайн форматта өткізуге мәжбүрміз. Бұл жағдайдың ауырлығын көрсетеді. Қазірдің өзінде ауыр науқастар санының өсуі және реанимациялық төсек-орындардың толғаны байқалады.

Бұл ретте азаматтардың эпидемиологиялық сақтық шараларын ұстамай, халық пен кәсіпкерлер тарапынан босаңсу байқалады. Сондықтан жаздағы жағдайдың қайталану қаупі жоғары. Әрине, бәрі тек дәрігерлер мен денсаулық сақтау жүйесіне байланысты емес. Сондықтан мен тағы да отандастарымды ұстамдылықты жоғалтпауға, барлық сақтану шарасын ұстауға, коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны қолдауға шақырамын», — деді Президент 17 наурызда Алматыны дамыту жөніндегі кеңесте.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинациялауға қатысты үндеу жасады.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...