12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘРМЕҢКЕНІ ҚАЙТА АШУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы базарлар мен жәрмеңкелердің иелері бизнеске тосқауыл қойылмауын талап етті. Ауданда Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі жиын өткізді. Осы мәселе Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Рашит Мұстапаев пен аудан әкімі Рахат Елтизаров қатысуымен өткен басқосуда талқыланды.

Мұнайлы ауданында төтенше жағдайға дейін 7 жәрмеңке жұмыс істеп тұрған. Қызылтөбе ауылдық округінде «Алтын орда» ,Қызылтөбе -2 ауылдық округінде ,Маңғыстау ауылында «Салтанат» , «Жібек жолы» сауда үйлері, Дәулет, Баянды, Батыр ауылдарында жәрмеңке ашылған. Сонымен қатар, Атамекен ауылдық округінде базар, Маңғыстау ауылында «АС-ДА» базары болды. Маңғыстау ауылында «Орталық базар» ашылған еді.

2020 жылдың 16 наурызында елімізде коронавирус індетіне байланысты Төтенше жағдайын енгізілгеннен соң, барлық жәрмеңкелер мен базарлар жұмысын тоқтату бойынша қаулы шығады. COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында барлық сауда орындары жұмысы уақытша тоқтатылады. Алайда кәсіпкерлер наразылық тудырған соң жергілікті әкімдіктің шешімімен тұрғындардың денсаулығын қорғау және қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сауда тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай деп танылған Мұнайлы аудандық орталық базарда ұйымдастырылды. Өйткені азық-түлік өнімдерін саудаға шығару үшін қойылатын талаптарға сай бірден-бір орын осы орталық базар деп танылады. Сөйтіп онда санитарлық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, ағымдағы жылдың 29 наурыздан бері жұмысын бастайды. Карантин режимі мен шектеу шаралары 11 мамырдан 25 мамырға дейін ұзартылып, бірқатар объектілерге ашылуына рұқсат берілді. Осыған байланысты, «Салтанат» базарына, «Жібек жолы» сауда үйіне, «Алтын Орда», Қызылтөбе-2 , Дәулеттегі базарға ашылып, жұмыстарын бастауға рұқсат берілді. Бірақ бұрын аталған жәрмеңкелерде жұмыс жасаған саудагерлер Орталық базарға жайғасқан соң, жәрмеңкелерге шықпай, аталған базарда саудасын жалғастыруда. Осы орайда жәрмеңке иелері бұрынғы клиенттердің қайта келуіне көмектесуді сұрады.

Кәсіпкер Жанымай Базарбаева: «Базарды ашқан жолдасым еді. Марқұм боп кеткен соң көзін қып сақтап отырмыз. Үйімізді сатып, банктен несие алып кәсіп бастағанбыз. Карантин кезде, төтенше жағдай уақытында ортақ талапқа бағындық, түсіндік. Одан кейінгі кедергілерді түсінбейміз. Жергілікті әкімдік өкілдері полициямен келіп, қайта-қайта сатушыларды қуады. Орталық базарға уақытша барады деген саудагерлерімізді, кері жібермей отыр. Орныңды бермейміз, екі ортада жүргізбейміз деп кедергі келтіріп отыр. Сонда орталық базардың ісін жүргізу үшін біз сияқты 7 базар мен жәрмеңкенің саудагерлерін алдап апарды деп түсініп отырмыз. Енді базарымыз бос тұр, сатушы жоқ. Алып кетіп, күштеп ұстап отырған саудагерлерімізді кері ауылдарымызға жіберуін талап етеміз», — дейді.

Іскерлердің айтуынша, шағын ауылдардағы базарлар мен жәрмеңкелерге саудагер мен халықты жинау оңайға соқпаған. Табаны тозып көше-көшені аралап, дыбыс зорайтқыш қондырғымен үгіт-насихат жасап, тегін орын бөліп, сауда жасауға жағдай жасап, жинаған. Енді сол еңбек еш кетті. Бірнеше жыл үйреткен саудагерлер орталық базарда уақытша емес, тұрақты қалып қойды. Орталықтан шалғай жатқан ауыл тұрғындары сабылып орталық базарға мәжүр. Әрі кәсіп күйреді, әрі халық қиналды деп шырылдайды олар.
Жиынды қорытындылаған Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев: «Мұнайлы ауданы әкімдігі бұл мәселені оң шешуі тиіс. Орталық базарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, саудагерлерді ауыл-ауылға, жәрмеңкелерге кері қайтаруды айқай-шусыз шешуі қажет. Өйткені орталық базар қожайынының іші майлы. Пандемия салқыны тиген жоқ, керісінше 150 кәсіпкерді қиналмай жинап алды. Ал, шағын жәрмеңкелер мен базарларды тоқыратуға болмайды. Олардың да несиесі, нысанды сақтап қалатын төлемдері бар. Жағдайды тең қарап, шешуге шақырамын»,- деп ой айтты.

Жазира Қуанышбекқызы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...