12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БОЗЖЫРА АЛҚАБЫНДА МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ СҰРАЙДЫ

Ауданның жүзге тарта тұрғыны облыс әкіміне хат жолдап, табиғатты қорғау үшін және халыққа жұмыс орнын ашып, күнелтуіне мүмкіндік беру үшін Бозжыра шатқалындағы белгіленген этно ауылды салуға, реттелген мәдени туризмді дамытуға бағытталған шараларды аяқтап шығуға тапсырма беруін сұрапты.

“Сенек ауылының аумағында орналасқан тамаша табиғи орында, яғни Бозжыра шатқалында туристерді қабылдайтын сапар орталығы салынады дегенде халық елең ете түсті. Инвесторлар келіп, тұрғындарымен кездескенде, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына көптеген мүмкіндік жасалатынына көзіміз жетіп, бұл жоба біздің ауыл мен аудан халқына және жабайы туристер аңын қуып, жерін тапап тастаған Бозжыраға да келген ырыс екен деп қуандық, қолдадық. Алайда соңғы кездері, әсіресе жабайы туризмнен мол пайда тауып жүргендер мен бір жақтардан келген «экологтар» жиналыстар мен әлеуметтік желілерде орынсыз байбалам салып, тіпті спектакль қойып, бұл үмітімізде үзілуге айналды. Ұялмаған адамдар: «Тасжолдар төсеп, Бозжыра қасынан (4 км жерден) туристерді қабылдайтын қонақүй салып, (реттелген, мәдени, экологиялық) туризмді ұйымдастыру зиян келтіреді» — деп халықты сендіруге тырысып, арзан бедел жинап жүр. Жабайы туризм Бозжыра алқабы мен оның маңындағы жанды және жансыз табиғатты күйретіп бара жатқаны олардың ойына да кіріп шығатын емес. Мемлекетке де, елге де, жерге де туризмді дамыту арқылы пайда келтіретін, құдай біздің жерімізге сыйға тартқан осындай табиғат орнын, тіпті пендешілікпен айтқанда өзіміздің күнелтісіміз үшін, басқа жақтағы «жанашырлар» емес, өзіміз қорғай аламыз!

Маңғыстаудағы Қараман ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Сисем ата сияқты және т.б. қасиетті жерлерге күніне ондаған адам зиярат етуге барады, алайда барлық қозғалыс реттелгендіктен олардың айналасы тап-таза, аңы да, құсы да орнында. Сол сияқты өлкеміздегі бүкіл мұсылман әлеміне белгілі киелі Бекет ата жерасты мешітіне жұмыс күндері 100-200 адам, ал демалыс күндері 100-150 автокөлікпен бес жүзге дейін адам келіп, дәл қасындағы қонақүйге түнеп, зиярат етеді. Барлық қозғалыс реттелгендігі сондай, ешкім еш нәрсеге зиян келтірмейді. Жан-жағы түгел күтімге алынған. Сондықтан да Ата басындағы үйренген арқарлар адамдармен араласып жүре береді. Бекет Ата басында Сіздер де болып, осы айтылғандарға көздеріңіз жеткен болар.
Біз мәдени туризм Бозжырадағы жараланған табиғат пен безіп кеткен жануарлар дүниесін дәл осылай қалпына келтіретініне сенеміз!

Ал жүріс-тұрыс реттелмеген, туристер емін-еркін баратын Айрақты, Ақмыш, Шерқала, Тамшалы, Саура, Самал, т.б. табиғат орындары жылдан-жылға азып бара жатқанын түгел Маңғыстау халқы біледі. Сондықтан ол жерлерде де мәдени туризмді ұйымдастыру қажет”, деген хатты жазған тұрғындар.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...