Сенаторлар уран туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенат депутаттары уран өндіру мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасына сәйкес, уран кен орындарын әзірлеушілер енді өз жұмысының салдарын жою жөніндегі жоспарларды заң жүзінде алдын ала ойластыруға міндетті.

«Жобаға толықтырулар енгізу ұсынылды, бұл мыналарға мүмкіндік береді:
  • уран өндіру кезеңін ұзарту шарттары мен рәсімдерін реттеу;
  • жобаға сәйкес кен орнында уран өндіру кезеңінде келісімшарт аумағының шегінде учаскеге барлау жүргізу;
  • жаңа кен шоғыры немесе уран шоғыры табылған жағдайда кен орнын игеру жобасына немесе уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына толықтыру шеңберінде оларға бағалау жүргізу;
  • уран өндіру саласындағы уәкілетті орган уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша құзыретті орган болып айқындалсын», — деп Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова.

Бұл ретте, кен орны қорының өсімі бастапқы көлемнің 30 және одан да көп пайызына жетсе, жер қойнауын пайдаланушы өңірде әлеуметтік-экономикалық жобаны іске асыруға міндетті болады.

Сенаторлар барлық тармақты қабылдады, бірақ жобалық құжаттарға тәуелсіз сараптама операторын құруға және уран кен орындарын игеруге қатысты нормаларды алып тастауға дауыс берді. Себебі Президент жаңа мемлекеттік және жеке операторларды құруға тыйым салғаны атап өтілді.

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...