Пандемиядан кейін қалыпты өмірге жеті жылдан соң ораламыз — сарапшылар

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев пандемиядан кейін қалыпты өмірге оралу жеті жылдан кейін болады деп есептейді. Оның айтуынша, вакцинаны өндіру және тарату біркелкі жүрмей жатыр. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының сюжетінде айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде вакцинациялау қарқыны бойынша жетекші ел Израиль болып тұр, онда халықтың шамамен 40 пайызы вакцина салдырды. Келесі — Ұлыбритания. Үшінші орында — АҚШ.

Дамушы елдердің көбі әлі вакцинациялауға кіріскен жоқ, деп атап өтті Досаев. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 13 мыңнан аса адам вакцина салдырды.

«Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, вакцинацияның қазіргі қарқынымен әлем халқының 75 пайызын қамту және қалыпты өмірге қайтару үшін жеті жылдан аса уақыт қажет болады. Жаһандық қор нарықтары қаңтарда пандемияның қайта өршуі мен вакцина таратылуының кешігуіне байланысты экономика баяулауы мүмкін деген қорқынышпен төмендеді», — деп мәлімдеді Досаев.

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...