12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ауруханаға өз аяғымен кірген әкем анамды қимай, артынан кетті — Бақтияр Артаев

Атақты спортшы ата-анасынан 2012 жылы бір күнде айырылып қалды. Ауыр жол апаты алдымен анасын, араға 2 сағат салып асқар тау әкесін алып кетті. Ойламаған жерден екі тірегінен айрылған Бақтияр өзінің бір күнде есейгенін Еуразия бірінші арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтып берді, деп жазады stan.kz.

«Маған жол апаты туралы ағам хабарлады. Естіген бойда денемнен суық тер шықты. Сездім бірдеңе болғанын. 15-20 минут ішінде ағам екеуіміз екі көлікпен апат болған жерге жеттік. Екеуін тауып, көлікпен қалаға әкелдік. Өкінішке орай, анам қайтып кеткен, ал әкем тірі еді. Әкем ауруханаға өз аяғымен кірген. Араға 2 сағат салып, әкем де қайтты. Әкем үнемі анама сен бірінші кеткенше, мен кеткенім дұрыс деп отыратын. Сен кетіп қалсаң, мен қиналып қалам, балаларға қарай алмаймын. Ал мен жоқ болсам, сен балаларға қарай аласың, тәрбие бере аласың дейтін. Ауруханаға өз аяғымен кірген әкем анамды қимай, артынан кетіп отыр. Ата-анамның қазасы мені бір күнде есейтті», — деп ауыр күндерді еске алды спортшы.

2012 жылы белгілі спортшы ата-анасымен бірге, қайын атасы мен енесінен де айрылып қалған. Өз сұхбатында Бақтияр Артаев мұндай ауыр қайғыны ешкімнің басына тілемейтінін жеткізді.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...