12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қаңтарда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қалай өзгерді?

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы қаралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Биылғы қаңтарда экономиканың негізгі салалары көрсеткіштердің жақсару үрдісіне ие. Бұл ретте карантин шараларының сақталуы мен күшеюі көрсетілетін қызметтер мен көлік салаларына әсер етіп жатыр.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты динамика байқалып отыр, ол жыл басынан бері 3 пайызға өсті. Өсімнің негізгі қозғалтқыштары металлургия өндірісі (+3,1 пайыз), оның ішінде автомобиль жасауды қоса алғанда (+21,2 пайыз), машина жасау (+16,2 пайыз), түсті металдар өндірісі (+6,6 пайыз), сондай-ақ химия өнеркәсібі (+12,8 пайыз), құрылыс материалдары өндірісі (+11,8 пайыз) және фармацевтика (+4 пайыз) болды.

Құрылыс көлемі 7 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9,4 пайызға немесе шамамен 801 мың шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 2,5 пайызға артты.

ОПЕК+ келісімдері аясында мұнай өндіруді қысқарту бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындауына байланысты тау-кен өндірісі секторы ұлттық экономиканың баяулауының негізгі факторына айналды. Мұнай өндірудің нақты көлем индексі -12,3 пайызды құрады. Сонымен қатар көмір өндірісі жоғары қарқынмен өсуде (+10,1 пайыз).

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 25,5 пайыз болды. Қызмет көрсету секторында ақпарат және байланыс саласында жоғары өсу қарқынына қол жеткізілді (+9,4 пайыз).

Экономиканың тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейінгі диапазонда ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынған, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр.

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары негізгі 7 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында 4 көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.

«Министрліктер мен әкімдіктер жұмысты жандандырып, тиісті шаралар қабылдап, белгіленген мақсаттар мен міндеттерді нақты орындауы қажет», — деп Мамин, ел экономикасына инвестициялар тарту көлемін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...