Димаштың әні Қазақстанда ешкімге керек емес — Қайрат Әділгерей

Қазақстандық актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей Димаш Құдайберген жайлы ойын айтты. Қазақстанда әншінің әнін түсінетіндер аз деп баға берді ол. Бұған халықтың музыканы жете түсінбеуі себеп.

Бұл туралы «Қасқа жол» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Қайрат Әділгерей бір кездері Димашты сынағаны үшін әлі күнге сын астында қалып жүрген Бағым Мақсатқызы мен Димаш жайлы ойын айтты. Бұл ретте кәсібиліктің маңызы зор екенін ескертті.

«Бір кездері Бағым Мақсатқызы Димашты сынға алды. Димаш танылғалы бері Мақсатқызына әлі күйе жағылып келеді. Бағым Қазақстандағы кәсіби музыкант. Ол әншілерді ән айтуға үйретеді. Ол кісінің сыны дұрыс айтылды. Әннің стилі жоқ деді. Ол кезде Димаш жас еді. Оны Бағым Мақсатқызы ғана емес, қазақ халқы да мойындаған жоқ. Ешкім әнін тыңдаған жоқ. Қазір танымалдығы артқалы бері бәрі Димашты сынағандарды сынайды. Димаш танымалдығы артпағанда Бағымның сөзін ешкім елемес те еді», — деді актер.

Айтуынша, қазақстандықтардың музыкалық сауаты әлі де төмен. Сол себепті Димаштың әндерін көп тыңдамайды.

«Қазақстанда Димаштың әндерін тыңдамайды. Себебі, оған көбінің сауаты жетпейді. Қазіргі той әндері, жеңіл әндер халықтың құлағына сіңіп, әбден жеңілдетіп тастаған. Халық әлемдік деңгейдегі әндерді тыйдай бермейді. Егер телеарна, радиодан симфониялық кәсіби әндер берілсе, басқаша болар еді», — деді Әділгерей.

Бұған дейін Ресей әртістері Димашты сынға алған қазақстандық музыканттардың өзін сынға алған еді. Бұл оқиғи желіде қызу талқыға түсті.

Бағдарламадан соң қазақстандық журналист Димашты  қазақстандық өнер өкілдерін жаманатты қылды деп сын айтты. Желі қолданушыларының бірі Димашты қолдаса, бірі журналисті жақтады.

Осуществление правосудия только судом

В соответствии со ст. 11 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

«Алматинский стрелок». Десять лет спустя

18 ИЮЛЯ 2026 ГОДА ИСПОЛНИЛОСЬ ДЕСЯТЬ ЛЕТ ПРЕСТУПЛЕНИЮ, КОТОРОЕ...

«ИИ во благо, ИИ для всех»

В СВОЕМ ВЫСТУПЛЕНИИ В РАМКАХ ЦЕРЕМОНИИ ОТКРЫТИЯ ВСЕМИРНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ...

ОСК ҚАЗАҚСТАННЫҢ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Бүгін Астанада Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын...

ОСК ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2026 жылғы 23 тамызға...