12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сарапшылар болжамы: 2100 жылға қарай Қазақстан халқының саны 1,5 есе өседі

Worldometers порталының мәліметінше, бүгінгі күні әлем тұрғындарының саны 7 миллиард 800 миллионнан асып барады. Қазіргі кезде Қытай (1,4 миллиард), Үндістан (1,38 миллиард), АҚШ (324 миллион), Индонезия (258 миллион) және Пәкістан (214 миллион) халқының саны бойынша көш бастап тұр. Айта кетейік, бұл 2017 жылғы зерттеудің нәтижесі. Ал алдағы уақытта адамзатты не күтіп тұрғанын, болашақта Жер шары халқының саны қанша болатыны жайлы Билл және Мелинда Гейтс қорының мамандары зерттеу жүргізіп, анықтап көріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар Қазақстанда 2100 жылға қарай халық саны 30 миллионға жетеді деп болжайды (2017 жылы халық саны 17,9 миллион болған). Зерттеушілердің пікірінше, жыл сайын елімізде тұрғындар саны шамамен 2 миллионға артып отырады.

Болжамға сәйкес, 2100 жылға қарай халқы тығыз орналасқан мемлекеттердің тізімін Үндістан бастайды екен. Одан кейінгі орынға Нигерия орналасса, Қытай, АҚШ және Пәкістан алғашқы бестіктің көшін аяқтайды.

Қытай халқының саны екі есе төмендейді деп болжануда: 80 жыл уақыттан кейін қытайлықтардың азаюы қалыпты жағдай дейді сарапшылар.

Осыған ұқсас жағдай Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде байқалады. Мамандардың пікірінше, Жапония, Солтүстік Корея, Таиланд және Шри-Ланка халқының саны екі есе төмендейтін көрінеді. Мысалға жапондар қазірдің өзінде бойдақ болып қалуды жөн көретін сыңайлы.

инфографика

Жалпы алғанда ХХІ ғасырда 23 мемлекеттің халық саны күрт азаяды. Бұл елдердің қатарында Еуропа мемлекеттері де бар. Испания, Италия, Португалия мен Польша және т.б. Орталық Еуропа елдерінде халық саны 70 миллионға дейін кемуі ғажап емес.

Көршілес Ресейде кері тенденция байқалып, халық саны 40 миллионға төмендейді. Бүгінде ресейліктердің саны 146 миллионды құраса, 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш 106 миллионға дейін азаяды.

Жаһандық деңгейде 2064 жылы Жер шарының халқының саны шарықтау шегіне жетеді: әлем тұрғындары 9,73 миллиардқа көбейеді. Ал ХХІІ жылға қарай бұл көрсеткіш кеми бастайды. Ал контрацепция әдістері мен білімділік деңгейі артса дүниежүзі халқының саны тіпті 6,88 миллиардқа дейін азаяды дейді зерттеушілер.

Егер бала туу деңгейі 2,1-ден төмендемесе, болашақта халық саны айтарлықтай өзгермейтін сыңайлы. Алайда уақыт өте келе бұл көрсеткіш азайып келеді екен. Мәселен, бала туу коэффиценті 1950 жылы 4,7 болса, қазір 2,4 екен. Ал болжамға сәйкес 2050 жылы индекс тағы төмендейді.

Мамандар бұған себеп халықтың тұрмысы мен білімділік деңгейінің артуы екенін айтады. Мәселен, бүгінде әйелдер қауымы отбасылы болуды шетке ысырып, білім мен мансап қуып кететіні жасырын емес. Осыдан бала туу көрсеткішінің кемуі пайда болады. Әлеуметтанушылар бұл мәселеге әр мемлекет өзіндік тұрғыдан қарауы шарт дейді.

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар...

Алматы облысында Түркиядан келген дәрігерлер пациенттерді қабылдады

Түркиядағы Medicana Health Group клиникасының профессорлары Облыстық балалар клиникалық...

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие...

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...