Қарағанды облысында кәріз суы өзенге ағып жатыр

Жаңаарқа ауданының тұрғындары Сарысу өзеніне кәріз суының қалай ағып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторлары енді өзен суына шомылу мен онда ұсталған балық қауіпті болуы мүмкін екеніне алаңдады.

Жаңаарқа ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қалдық суды тазарту станцияға ағызатын магистральда ақау шығу салдарынан кәріз суы өзенге ағып кеткен. Ақау 11 ақпанда пайда болған. Қазір бұл магистраль арқылы қалдық шығарылмайды. Кәріз суы басқа құбырлар арқылы шығарылып жатыр.

«Арнайы комиссия құрылды, ол ақаудың орнын тексерді және анықтады. Енді қаражат бөлу мәселесі қаралады. Көктемде бұл құбыр толығымен жөнделеді. Қазір ешқандай қауіп жоқ, кәріз суы енді өзенге ағызылмайды», — деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...