Уханға келген ДДҰ сарапшысы вирус қалай тарай бастағанын болжады

ДДҰ халықаралық сарапшылар тобының мүшесі дәрігер Питер Дасзак COVID-19 пандемиясы қалай өрбіген болуы мүмкін екенін болжады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның сөзінше, «вирустың таралу жолына назар аудару қажет». Дасзак The New York Times-қа берген сұхбатында инфекция жарқанаттар мен жабайы жануарлар арқылы фермаға түсіп, оны қызметкерлер не күзен, борсық, жанат тәрізді ит жұқтырған болуы мүмкін. Артынша вирус Ухандағы базарға түскен кезде тарай бастаған.

Сонымен қатар, ДДҰ сарапшылары Қытайдағы құпия саясат салдарынан кей науқас туралы дерек ала алмаған. Одан бөлек, коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан кей адам ұйым өкілдерімен кездесуден бас тартқан.

Бүгінде ДДҰ сарапшылар тобы Қытайда коронавирус қалай тарай бастағанын анықтау мақсатымен жүр. Мамандар 14 қаңтарда Уханға келгеннен кейін 14 күн карантинде жатып, 29 қаңтарда жұмысқа кіріскен.

О новом механизме лишения лицензии частных судебных исполнителей

24 июня 2026 года Главой государства подписан Закон Республики...

ОСМС в Казахстане: что важно знать каждому в 2026 году

Обязательное социальное медицинское страхование (ОСМС) остается одним из ключевых...

ОСМС: новые возможности для здоровья казахстанцев

Система обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) является важным элементом...