Алматы облысындағы карантин бойынша жаңа қаулы жарияланды

Алматы облысында өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің тағы бір қаулысы шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында карантин жалғасып жатыр. 50-ден аса орынға арналған қоғамдық тамақтандыру нысандары, кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі ұйымдар, ойын-сауық нысандары, бассейндердің қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ, санитар дәрігер бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамның бірге жүруіне тыйым салып, және 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойды.

Қабылданған құжатқа сәйкес, 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап бірқатар шектеу шарасы жеңілдейді.

«Діни нысандардың қызметіне, мешіттерде намаз оқуға (бес намаз) рұқсет етіледі, бірақ 30 пайызға толмай, 100 адамнан көп құлшылық етуге болмайды. Намазды тек ауылдық жерлерде, 150 адамға дейінгі мешіттерде оқуға рұқсат етіледі, бірақ сыйымдылығы 25 пайыздан аспауы керек. Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) қызметіне 50 пайыз сыйымдылықпен рұқсат беріледі, бірақ 50 орыннан аспауы қажет», — делінген құжатта.

Қаулыда тамақтану объектілерінің жұмыс кестесі белгіленген. Сонымен қатар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандарының, сондай-ақ моншалардың, сауналардың, спа-орталықтардың жұмысына белгілі бір жағдайларда рұқсат берілетіні айтылған.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...