Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін талап етсе не істеу керек?

ІІМ өкілі 13 ақпаннан кейін полиция қызметкері жолда тоқтатып жүргізуші куәлігін талап етсе, өзіңмен болмаған жағдайда айыппұл жазамын деп қорқытса не істеу керегін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Полиция қызметкері құжат талап етсе, 102 нөміріне немесе өзіндік қауіпсіздік бөліміне қоңырау шалсаңыз болады. Сот арқылы әкімшілік хаттама толтыруға қарсылығыңызды білдіре аласыз. Бұл жағдайда сіздің құқығыңыз шектелмейді», — деп жауап берді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Оның айтуынша, әр қызметкерге жаңа заңның нормасы түсіндіріліп, нұсқаулық өткізілген. Сондықтан мұндай оқиғалар болмайды.

Айта кетейік, 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүруді міндеттемейтін заң жобасы күшіне енеді. Жүргізушіге  тек жеке куәлігі қажет.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірі жоқ болса ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 13 ақпаннан бастап айыппұл салынбайды.

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...