12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2021 жылы Сайран көлінің түбі тазартылады

2021 жылы Сайран, Аэропорт көлі және Алматыдағы Қарасу тоғанын тазарту жоспарланған. 2020 жылғы желтоқсаннан бастап Алматыда үш су айдынының түбін тазалауға ЖСҚ әзірленді, — деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы 2020 жылғы желтоқсаннан бастап Сайран су қоймасы, Аэропорт көлі және Қарасу шағын ауданындағы тоғанды механикалық тазалауға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Жоба 2021 жылдың маусымына дейін сараптамадан өтеді. Қаражат бөлінгеннен кейін су айдындарын тазалау жұмысы басталады.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, жоба келесі міндеттерді қамтиды:
  • су түбін тұнба мен шөгінділерден тазарту;
  • жобада жергілікті жағдайларға және мамандандырылған техниканың болуына байланысты тазартудың неғұрлым қолайлы тәсілін (немесе тәсілдер комбинациясын) анықтау;
  • жағалау сызығын қоқыстан тазарту;
  • су айдындарының түбін және жағалау сызықтарын өсімдіктерден (қамыс, балдыр, жабайы өсінділер) тазарту;
  • тұнба көп жиналған аймақтарды тереңдету (зерттеу нәтижелері бойынша анықтау);
  • эрозияға және шайылуға ұшыраған жекелеген учаскелерде жағалауды бекіту құрылғысы.

Жұмыс жобасында қамтылады:

  • су объектілерінің экологиялық жай-күйін қалпына келтіру, қорғау шаралары;
  • су басу және судың тіршілік әрекетін бұзу қаупі мен салдарларын азайту шаралары;
  • гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • су қоймаларының гидравликалық сипаттамаларын, ұзақ уақыт бойы алынған оң өзгерістері сақтау;
  • Аэропорт көлінің су қорғау белдеуін қалпына келтіру, абаттандыру.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...