12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ғалымдар екі түрлі өндірушінің вакциналарын араластырып зерттемек

Ұлыбританияда балама дозалары бар COVID-19 вакцинациясы бойынша әлемдегі алғашқы зерттеу басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел үкіметінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Бағалау жөніндегі ұлттық консорциум (NISEC) жүргізген иммундау күнтізбесінің зерттеуі екі дозалы вакцинация схемалары үшін әртүрлі вакцинаны қолдану қауіпсіздігін қарастырады. Мысалы бірінші доза үшін Оксфорд университеті/AstraZeneca вакциналары, ал екінші доза үшін Pfizer/BioNTech вакциналары қолданылады.

«COVID-19 Heterologous Prime Boost» немесе «Com-Cov» деп аталатын 13 айға созылған зерттеу аясында ғалымдар әртүрлі дозалау режимінің Англияның түрлі қаласындағы, соның ішінде Лондон, Бирмингем және Ливерпульдегі 800-ден аса пациенттің иммундық жауаптарына әсерін бақылайды.

Экспериментті Зерттеу этикасы жөніндегі комитет, сондай-ақ Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарларды реттеу агенттік (MHRA) мақұлдады. Егер сынақтар жақсы нәтижелер көрсетсе, онда үкімет вакцинация схемасын қайта қарауды жоспарлап отыр. Ол қазір бірдей вакциналардың дозаларын ғана қарастырады.

Алғашқы нәтижелер 2021 жылдың жазында жарияланады деп жоспарланған.

Туризм тұрақты табыс көзіне айналып келеді

Кейінгі бірнеше жылда, әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін туризмде ілгерілеу...

Мелекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы

Мемлекеттік қызмет — бұл мемлекеттік қызмет саласы және мемлекеттік...