Гүлмира Дайрабаева: Екі ұлым қазақша түсінбейді, қазір репетитор жалдап отырмын

Белгілі қазақстандық тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева ұлдарының қазақ тілін білмейтінін айтады. Тележүргізушінің ұлдары анасының жолын қуып, АҚШ-та білім алып жатыр. Олар үшін анасы арнайы репетитор жалдап отырғанын мойындайды, — деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды.

Гүлмира Дайрабаева өзге тележүргізушілерден ерекшелігі — 5 тіл біледі. Қазақ, орыс, ағылшын, франуз тілдерінен бөлек мылқау тілін меңгерген. Сурдо аударма қызметін еркін атқара алады. Әлі күнге білімін шетелде жетілдіріп жатыр. Атап айтсақ, АҚШ-та.

«Мен білімге құштармын. Білімімді жетілдіргім келеді. АҚШ-тан алған тәжірибемді бөліскім келеді. 1991 жылы телеэкранға шыққанмын. Содан бері бірталай жыл болды. Үш ұлым бар», — деді Дайрабаева.

Тележүргізуші экраннан көрінбей кетуінің себебі осы.

«Ұлдарымды жақсы оқыңдар деп тәрбиелемеймін. Аман-есен болыңдар. Дендерің сау болса болды деймін. Себебі, баланың мектептегі білімі маңызды емес. Дені сау болса, аман жүрсе, басқасы уақытымен келеді. Біздің қанымызда оқымыстылық қан бар. Сол балаға бәрібір беріледі. Ешкім жаман болмайды»,- деді Гүлмира ханым.

Айтуынша, бүгінде блогерлікті қолға алған ұлы Артурға толықтай сенеді. Қандай келін әкелсе де, қабылдауға дайын.

«Мен ұлдарыма сенемін. Артур кімді таңдаса, соны жақсы көремін. Себебі Артурға толықтай сенемін. Келіндерім қызымдай болады. Екі ұлым АҚШ-та оқиды. Екеуі де қазақша, орысша түсінбейді. Мен ешқашан өз ұлдарыма қазақ тілінен репетитор жалдаймын деп ойламаппын. Мен қазақша не орысша айтсам, түсінбейді. Тек ағылшынша сөйлесеміз. Бұған бір жағынан қуанамын, бір жағынан өкініш бар. Қазір ұлдарым қазақша үйреніп жүр», — деді ол.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....