Депутаттар жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақтылы тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәселе парламент сенатының отырысында көтеріліп, талқыға салынды. Енді бұдан былай мұндай кешігу орыналғанда адамдар жазаға тартылмайды және айыппұл салынбайтын болды.
Сонымен қатар, жер учаскесіне құжаттарды ресімдеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Осылайша, адамдарға осы мемлекеттік қызметтерді алу оңайырақ болады.
Бұл жаңашылдықтар депутаттар қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған.