Жуырда есірткі затын заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін К есімді азамат Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Оған сот үкімімен 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.
Қазір таңда ол жұмыссыз болғандықтан, Жосалы кенті әкімінің өкімімен күніне 8 сағат қоғамдық орындарды абаттандыру, тазалау жұмыстары арқылы , жазасын өтеуде.
«Өзім жұмыссыз болғандықтан, күніне 8 сағат қоғамдық жұмыс жасап, жазамды тезірек өтеп, пробация есебінен шығарылсам деймін. Бұл жағдай маған сабақ болды. Келешекте бұндай қателікке бой алдырмай, қоғамға пайдамды тигізетін азамат болсам деймін »,- деді есептегі азамат.
«2020 жылдың 12 айында мәжбүрлі еңбекке 15 азамат тартылды. Олар күніне 4 сағаттан жергілікті әкімдік белгілеген орындарда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын атқарды. Бүгінде осы бір азамат қоғамдық жұмысқа тартылып, жазасын күніне 8 сағаттан өтеп жатыр. Уақытылы келіп, жұмысын тиянақты орындап жүр»,-деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісов.