spot_img
spot_img

«Күйеуім — қазақ»: ВиаГра тобының экс-солисі Қазақстанға не үшін келгені мен тоқал болу жайлы айтты

Ресейлік ВиаГра тобының экс-солисі танымал әнші Эрика Герцег Қазақстанға көшіп келген. Елге көшкеннен кейінгі шығармашылығы мен мансап жолы, қазақ күйеуімен ара қатынасы, отандық лейблмен жұмысы жайлы әнші сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Эрика Герцег — украиналық әнші, ұлты — венгр. «ВиаГра» танымал поп музыка жанрында өнер көрсететін топта 7 жыл ән шырқаған.

Соңғы сұхбаттарында Эрика Герцег Алматыға көшіп келгеніне бір ай ғана болса да, ұзақ мерзімді жоспарлары бар екенін жеткізген еді.

«Кездесулерім көп. Күнде жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс тәртібім күрделі, мұндай қысылтаяң тек осыдан 4-5 жыл бұрын болған. Бастапқыда қиын болғаны рас. Алайда Қазақстанда адамдар тарапынан қонақжайлылық пен мейірімділікті сезінемін, осылайша шаршағаным басылады», — дейді әнші.

Әнші қыз Қазақстанда өзін ерекше жайлы сезінетінін айтқан.

«Қазақстанға келер алдында мені Венгрияға Х-факторға әділқазы болуға шақырды. Содан кейін Мәскеуде шығармашылығымды жалғастырмақ болғанда клиптерімнің, әндерімнің ойдағыдай шықпай жатқанын түсіндім. Осылайша, Қазақстанға келдім», — дейді ол.

Айтуынша, оны Қазақстанға күйеуі ертіп келген, ал оның ұлты — қазақ. Олардың қарым-қатынасына үш жыл болған. Алайда олар заңды некеге тұрмаған.

«Күйеуіммен үш жыл бұрын іс-шарада таныстық. Бірден тіл табысып кеттік. Кейде біреуге қарап өз адамым деп ойлайсың. Мені ішкі түйсігім алдамады, себебі мен онымен бірге бақыттымын. Күйеуім менің өмірімдегі ең қымбат адам. Ресми түрде некеге отырмасақ та, маған оны осылай атау үшін құжаттағы штамп қажет емес», — дейді ол.

Айтуынша, екеуінің жас айырмашылығы — 1 жас. Өзі сымбатты, талантты, кәсіпкер ер адам, дейді әнші.

Эрика Герцег өзіне қатысты жиі айталатын сынға да жауап берді. Қазақстандықтар оны бай кәсіпкердің тоқалы деп есептейді екен.

«Екінші әйел болу деген нәрсеге қарсымын. Өте қызғаншақ адаммын. Таңнан кешке дейін күйеуім маған жазып, қалымды біліп отырады. Екеуміз сөйлеспей ұйықтамаймыз. Ұзақ смс-тер жазып, махаббатын білдіріп жатады. Ара қатынасымызға үш жыл болды. Күйеуім маған сенеді, сондықтан да менің қасымда», — дейді ол.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....