12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

31 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара көрілген

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 31 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев брифинг барысында айтты.

Ағымдағы жылдың 11 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп, онда 67 мәселе қаралған. Күн тәртібінде 42 тәртіптік іс талқыға түсіп, 17 рет мемлекеттік орган басшылары мен әдеп жөніндегі уәкілдердің есебі тыңдалған.

«Кеңестің шешімімен Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін — 13 мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін — 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Олардың арасында: 2 облыстық басқарма басшысының орынбасары, 1 аудан әкімінің орынбасары, 3 аудан әкімі аппаратының басшысы, 1 аудандық мәслихат аппаратының басшысы, 6 кент және ауылдық округ әкімі, 1 аудандық басқарма басшысы, 4 дербес бөлім басшысы, 13 өзге де лауазымды тұлғалар бар», — деді Берікбол Байхожаев.

Департамент тарапынан мемлекеттiк қызметшiлердің күнделікті қызметінде және халықпен кездесу барысында өзін-өзі ұстауы мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде әдеп нормаларының сақталуы бойынша 100-ден аса құқықтық оқытулар мен шеберлік сабақтары өткізілген.

Брифингте Б.Байхожаев, Әдеп кодексі талаптары бұзушылықтарын алдын алу мақсатында мемлекеттік орган басшыларына карантин талаптарын қатаң сақтауды және Жаңа жыл мерекесіне орай корпоративтік кештерден бас тартуды ұсынды.

Сонымен қатар, спикер, мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің заңсыз сыйлық алу-беру фактілеріне жол бермеу керектігін қатаң ескертті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...