Жастар вирус тасып жүр: Бекшин Алматыдағы жағдай күрделі екенін айтты

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны артуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға келетін болсақ, бүгінде жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 17790 жағдайы, сондай-ақ тамыз айынан бастап есепке алынған этиологиясы анықталмаған пневмонияның 1349 жағдайы тіркелді. Қыркүйек айында КВИ барынша төмендегеннен кейін, қазан айында 366 жағдай, қарашадада 1 399 жағдай және желтоқсан айында бүгінге дейін — 1 635 жағдай тіркеліп, індеттің өсуі қарқын алып жатыр», — деді Бекшин ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бекшин вирус жұқтырғандар санының өсу қарқынын түсіндірді.

«Желтоқсанда 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4 аптада — 560 жағдай, болжам бойынша жалпы айдың қорытындысымен 1 900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2 200 жағдайға жетуі мүмкін. «Бұрын болжанғандай ауру таралуы қазір өсіп жатыр», — деді.

Жастардың вирус тасып жүргенін айтқан Бекшин үлкен адамдарға қауіп төндірмеуге шақырды.

«Жастар симптомсыз түрімен ауырып, вирус тасып жүргенін білмейді. Сөйтіп ата-әжесіне жұқтырады. Олардың қасында келесі жаңа жылда ата-әжесі болмауы мүмкін. Соны ойлау керек», — деді Бекшин.

Активная молодежь 

В МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ НА БАЗЕ YESSENOV UNIVERSITY СОСТОЯЛОСЬ ТОРЖЕСТВЕННОЕ...

Наблюдать и фиксировать: алгоритм прозрачности

В рамках подготовки к предстоящему референдуму по проекту новой...

По дипломатическим каналам

В СВЯЗИ С ОБОСТРЕНИЕМ ВОЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОЙ ОБСТАНОВКИ НА БЛИЖНЕМ ВОСТОКЕ...

Театр иллюзий: мечты и реальность

ЦИНИЧНЫЙ ПЛАН ОРГАНИЗАТОРОВ ФИНАНСОВОЙ ПИРАМИДЫ БЫЛ ПРОДОЛЖЕН В НОВЫХ...

«Еститін Үкімет» мүшелері ел аралады

Мемлекетте «Еститін Үкімет» бағдарламасы іске қосылғалы бері халық көптеген...