«Дәурендей арсыз әкені көрмедім»: Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұлов туралы шындықты жайып салды

Өз балаларын іздемейді де, денсаулығына алаңдамайды да.

Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы жары Дәурен Айдарқұлов туралы ашулы жазба жариялады. Әнші Айдарқұловтың нашар әке екенін айта отырып, оның мүлде жауапсыз екенін жеткізді. 

Ақбота Инстаграмдағы Stories бөліміне Дәурен Айдарқұлов туралы жазды. 

«Осындай арсыз әкені көрмедім. Өз балаларын іздемейді де, денсаулығына алаңдамайды да. Бүгін мен де, балаларым да ауырып, мазамыз болмай тұр. Әкесі балаларды ауруханаға апару керек болған. Ауруханаға апармақ түгілі жағдайына алаңдамайды да. Кімнің кім екенін Алла көріп тұр. Көп нәрсе айтуға болар еді», — деп жазды Ақбота.

Алайда көп уақыт өтпестен Ақбота бұл жазбасын өшіріп тастады.

Желі қолданушылары суретке түсіріп үлгергендіктен жазба көпшілікке тез тарап кетті.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын жұлдызды жұп ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген еді. Әншінің айтуынша, шектен тыс қызғаныш отбасының ойран болуына себепші болған. Ал Айдарқұлов Ақботаны әлі де жақсы көретінін, оны ұмыта алмай жүргенін жеткізді.

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...