Бүгін, 20.12.2020 жылы Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру мақсатында аудандық жастар ресустық орталығы мен аудандық пробация қызметі бірлесіп, пробация есебінде тұрған 29 жасқа дейінгі сотталған азаматтардың қатысуымен «Қорқыт Атаға тағзым» атты мәдени іс шарасын өткізді.
Түркі дүниесінің қайталанбас дара тұлғасы Қорқыт Атаның жамбасы тиген қасиетті Қармақшы жеріндегі Қорқыт Ата кешеніне келген қонақтарды кешеннің меңгерушісі мен қызметкерлері қарсы алып, қонақтарды экскурсовод Қорқыт ата мұражайының экспонаттарымен таныстырды. Келген қонақтар, экскурсовод айтқан Қорқыт Ата туралы аңыздан, қобыз бейнесінен, сарынындай желден шығып тұрған қобыз үнінен біраз әсер алды. Іс шара соңында Қорқыт ата ескерткішінің басына барып, Қорқыт Ата кешенінің имамымен құран бағышталып, дәмнен ауыз тиді.
Іс шараның негізгі мақсаты Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшалауға байланысты емес жаза түрлеріне тартылған азаматтардың рухани байлығын арттырыра отырып, олардың өмірге деген көз қарасын өзгерту және түзелу жолына түсіуне ықпал ете отырып, қылмыс әлемінен алшақтату.
Жүнісов Жақсыбек
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы