12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ғасырлар тоғысындағы тарих сыйы

Еліміздің ең басты мерекесі Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты «Батыр бабалар» мемориалды музейі және Анаға құрмет музейінің ұйымдастыруымен «Ғасырлар тоғысындағы тарих сыйы» атты конференция өтті. Конференцияға Қарасай ауданының құрметті азаматы, профессор Бақыт Шпекбаева, Қарасай ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ділдә Ұланқызы, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің директоры Рүстембек Бакиров және осы білім ордасының студенттері қатысты. Конфенцияда «Батыр бабалар» мемориалды музейінің меңгерушісі Орынбасар Әлім баяндама оқыды.

Тәуелсіздік күні құрметіне ұйымдастырылған ресми шараның шымылдығы Қазақстан Республикасының Ән ұранымен ашылып, алғы сөз профессор Бақыт Жатқанбайқызына берілді. Бақыт Жатқанбайқызы: — «Сан ғасырлық балалар арманы жүзеге асқан ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы қазақ халқының ғана емес, әлем тарихында алтын әріппен жазылып қалды. Еуроазияның 41 пайызын алып жатқан Кеңес Одағы (КСРО) атты алып мемлекеттің аты өшіп, әлем картасы өзгерді. Сондай-ақ, бұл оқиға жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттердің тарихын жаңа парақтан жазуға мүмкіндік берді. Дәл осы ғасырлар тоғысында қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алып, жаңа ғасырды әлемдегі тәуелсіз елдермен терезесі тең ел ретінде қарсы алды. Сондықтан бұл күннің құны ешқашан төмендемек емес. Керісінше жыл өткен сайын бағасы арта бермек» — деп ыстық лебіздерін білдіріп, конференцияға қатысушыларды құттықтады. Ал Анаға құрмет музейінің меңгерушісі Аршагүл Тойбаева өз сөзін тәуелсіз еліміздің ертеңі жастарға арнап, атаулы мерекенің мәні мен тарихына кеңінен тоқталды.

«Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 29 жылдың жүзі болды. Бұйырса отыз жылдықтың да ауылы алыс емес. Бір қарағанда, отыз санын оп-оңай саусақпен санамалап беруге болатындай. Өткенге қайырылсақ, бәрі күні кеше ғана сияқты. Алайда, оның тереңіне үңіліп, «отыз жылда қазақ халқының басынан не өтті, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз қайсы, кемшіліктеріміз қані?» — деген сұрақтарға жауап іздесек, саусақ түгіл, санамызға сыймайтындай тарихи сәттердің куәсі болғанымызды көреміз» — деп өз ойын сабақтаған А.Тойбаева тәуелсіздік мерекесін қасиетті күндердің қатарына қосты.

Конференция соңында С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледж студенттері ұйымдастырған мерекелік бағдарламаға ұласты.

К.ИСКАКОВА,

Анаға құрмет музейінің экскурсия жүргізушісі

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...