12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Террористер. Президент резиденциясы маңындағы жарылыс

Қазақстандағы діни экстремистердің көзін жою туралы алғашқы оқиғаны бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов пен оның бірінші орынбасары болған Василий Симачев баяндап берді.  

Бұл оқиға 2000 жылы 23 қарашада болған. Алматыдағы Мамыр ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінен екі полицейдің өлі денесі табылады. Олар ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай қалған еді. Шұғыл жеткен жедел топ әріптестерінің өлі денесін көрген. Олардың әрқайсысына 20-дан астам оқ атқан. Қосымша оқты бастарына бағыттапты…

Бұл төтенше жағдай ІІМ-ні аяғынан тік тұрғызды. Министрдің орынбасары Василий Симачев шұғыл түрде Алматыға ұшып келді. Симачев бұл оқиғаны былай деп еске алады:

– Біздің қызметкерлерді кім өлтіргенін, олардың қарулы топ екенін, ескі «Форд» көлігімен жүретінін анықтадық. Әлгі үйді тінтігенде экстремистік кітаптар, оқ-дәрі, шетелдік автомат, тапаншалар, банк қағаздары және төлқұжаттардың көшірмесі табылды. Олар ҚХР-дың екі азаматының және пәкістандық тағы бір азаматтың атына тіркеліпті. Бәрінен бұрын бізді басқа нәрсе шошытты, ол – Алматы әуежайының сызбасы.

Террористер әуежайды нысанаға алғанын бағамдау қиын емес еді. Әшкере болып, қаруларының біразынан айырылған соң олардың жоспары өзгерген болуы мүмкін. Төлқұжат көшірмесінен алынған фотолар полиция пункттеріне таратылды. Алматы мен көрші аймақтардың полициясын дабылмен тік тұрғыздық. Барлық парктер мен скверлер, жеке үйлер мен пәтерлер мұқият тексерілді. Агентуралар іске қосылды.  

Нәтиже көп күттірген жоқ. Патрульдердің бірі әлгі ескі «Фордты» байқап қалыпты. Машина «Дружба» ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған. Үйдің иесі Ниязов деген адам екен. Ол Қытайдан келген танысы көлігін уақытша қалдырып кеткенін айтқан. Танысының немен айналысатынын білмейді.

Көші-қон полициясы қытайдан келген ұйғырларды жаппай тексере бастады. Тізім сала-құлаш еді. Бұл іске ҰҚК-ні де тарттық. Ұйғыр диаспорасы қолынан келгенше көмектесті. Көз ілмегенімізге үш тәуліктен асты, нәтиже көңіл көншітпейді. Оның үстіне сол күндері ми қайнатарлықтай ыстық болды.  

Төртінші тәулікке ауғанда учаскелік полицейлердің бірі террористердің сыбайласын анықтады. Сол арқылы олар жасырынып жатқан пәтерді таптық. Ол өзін кездейсоқ адам ретінде көрсеткісі келгенімен, террористерді сыртқы әлеммен байланыстырушы екені белгілі болды. 

Пәтерді бірден бақылауға алдық. Пәтер Фурманов (қазіргі Назарбаев) пен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы «Хабар» және «КТК» телеарналарының кеңсесі орналасқан ғимараттың дәл түбінде еді. Террористер бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерге жасырыныпты.

Назарбаев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысы.

Бірнеше сағаттан кейін-ақ олардың апанынан шықпағанына біраз болғаны, сыбайластары қолға түскенін сезіп қойғаны байқалды. Сыбайластарынан террористердің бірінің әйелі мен емшектегі баласы ауруханада жатқанын білдік. Бұлар Бішкекке қашпақ болыпты. Интерпол бойынша халықаралық іздеуде жүрген әккі террористер екен. Қырғызстанда бірнеше теракт жасаған, Қытай Банкіне шабуылдаған, Бішкектегі «Дордой» базарын өртеп, бейбіт тұрғындарды өлтірген.  

Ол кезде Алматы қалалық ІІД бастығы Қалмұхамбет Қасымов еді. Ол қылмыскерлерді шабуылдап басып алуды ұсынды. Бірақ бізге дайындық керек еді. Тұрғындарды эвакуациялап, электр жарығы мен газды өшіруіміз керек. Мұны күндіз істей алмаймыз, сондықтан түнде арнайы операция жүргіздік. Өкінішке қарай, тұрғындардың бәрі бірдей келіскен жоқ. Біз оларға терезеге жақындамауды, еденге жатуды тапсырдық. Шабуылдауға ІІМ-нің «Сұңқар» арнайы жасағы шақырылды. Прокуратураның келісімін алдық, енді мемлекет басшылығының рұқсаты керек.  

Түнгі екіде шабуылды бастадық. «Сұңқарлықтардан» төрт шабуылдаушы топ жасақтағанбыз, екеуі есіктен, тағы екеуі терезен кіретін болды. Есік темір екен, оны жардық та, терезенің торын арнай техникамен тартып жұлып алдық. Террористер бекініс құрып алыпты. Қатты қарсылық көрсетті. Бөлменің түпкірінен оқ жаудырып, Ф-1 гранаталарын лақтырды. Үш жауынгер жарақат алып, дәлізде қалды.

Көп ойланбастан, екінші шабуылды бастап, жаралы жауынгерлерімізді алып шықтық. Үшінші әрекет кезінде көзден жас ағызатын және қатты дыбыс шығаратын гранаталар қолдануды ұйғардық. Тұрғындардың зәресін алғымыз келмеген, бірақ осылай етуге мәжбүр болдық. Жарылыстан соң террористердің бірі «берілемін» деп айқайлады. Бірақ арнайы жасақ командирі оған сенген жоқ, көзін жоюға бұйрық берген. Осы сәтте тағы үш жауынгер жарақат алды. Бірақ террористердің төртеуінің де көзі жойылды.  

Операция аяқталған соң пәтерден үш Калашников автоматы, гранатомет, екі тапанша, тапанша-пулемет және жарылғыш заттар табылған. Террористер Бішкек асар алдында Алматының барахолкасында жаралыс жасамақ болыпты. Әуежайға кіре алмайтын болған соң барахолкадағы қытайлар көп жүретін «Ялян» базарын таңдаған.

Осы оқиғаның ертеңінде Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың алдында сөз сөйлеп, операция жүргізілген үйдің тұрғындарынан кешірім сұрады. Терроризмде ұлт болмайтынын, Қазақстанда терроризмге жол жоқ екенін мәлімдеді.

2000-жылдары Тоқаев Премьер-министр еді. Қайырбек Сүлейменовтің айтуынша, террористердің көзін жоюға санкцияны Тоқаев берген. Өйткені сол кезде Президент Назарбаев шетелде ресми іссапарда жүріпті…

Осы оқиғадан кейін Қазақстан халқы «Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысы» деп аталатын террористік ұйым туралы естіп-білді. Бұл ұйымға көптеген елдерде, оның ішінде ҚХР мен Қазақстанда да тыйым салынған.

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...